Accessibility links

Шығыс Қазақстанда су тасқынынан жолдар жабылды


Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)
Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынынан бірнеше жол жабылды деп хабарлады бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Департаменттің ақпаратына қарағанда, 12 сәуірден бастап республикалық маңызы бар Семей-Қайнар жолындағы көпір жабынының бұзылуы салдарынан жолдың 140 километрі мен 266 километрі тұсында барлық көлік түрлерінің жүруіне шектеу қойылған. Қарасу өзені үстіндегі көпір тіреуін су шайып кеткендіктен 12 сәуірден бастап Өскемен-Семей көлік жолының 60-152 километрі аралығындағы бөлігінде де барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілген.

Бұған қоса су тасқыны облыстық маңызы бар Бородулиха-Жезкент жолының жиегінен асып кеткендіктен, 13 сәуірден бастап жолдың алғашқы 18-километріне дейінгі аралығында да барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу салынған.

XS
SM
MD
LG