Accessibility links

Тасқын су басқан Садовое ауылы

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданына қарайтын Садовое ауылын су басты. Ауылдағы 70-ке тарта үйдің 300-дей тұрғыны көршілес Гагарин ауылына көшірілген. Гагарин селолық округінің әкімі Алтын Сайдалдинаның Азаттыққа айтуынша, Садовое ауылында үйлерінен көшкісі келмеген екі адам қалған.
Қазір Садовое мен Гагарин ауылдары арасындағы үш километрдей аумақта су жатыр. Онда моторлы қайық болмаса жай қайықпен өту мүмкін емес дейді тұрғындар. ​Теміртау қаласынан 20 километрдей қашықтықта орналасқан Садовое ауылы Гагарин селолық округіне қарайды.

Садовое ауылы тұрғындары түсірген және тасқын болған аймаққа арнайы барған Азаттық тілшілері түсірген суреттерді ұсынамыз.

Пікірлерді көріңіз (1)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG