Accessibility links

Мұстафин ауылындағы тасқын зардабы

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы Ғабиден Мұстафин ауылына 12 сәуірдегі тасқыннан кейін тұрғындар қайта орала бастаған. Олар тасқыннан бүлінген үйлерін көріп, жарамды дүние-мүліктерін алып кетіп жатыр. Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Бейсенбаевтың Азаттық тілшісіне айтуынша, төрт мыңнан астам тұрғыны бар Мұстафин ауылындағы 900-ге тарта үйдің 700-і су астында қалған. Табиғи апаттан келтірген залал көлемін анықтайтын арнайы комиссия ауылдан су кеткенде жұмысын бастамақ.

Ғабиден Мұстафин ауылына арнайы барған Азаттық тілшісінің фоторепортажы.

Пікірлерді көріңіз (2)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG