Accessibility links

Ердоғанды атпақ болған адамға үкім шыққан


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Былтыр мамырда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға қастандық жасамақшы болған жергілікті азамат Ферхат Йылдыз Стамбул сотының үкімімен 11 жыл 8 айға түрме жазасына кесілді деп хабарлайды Азаттықтың Әзербайжан қызметі АПА агенттігіне сілтеме жасап.

Ферхат Йылдыз биліктегі Әділет пен даму партиясының Стамбул көшесінде өткізген акциясы кезінде қолдан жасалған тапаншадан Ердоғанды атпақ болғаны үшін жауапқа тартылған.

Прокуратура соттан Ферхат Йылдызды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

XS
SM
MD
LG