Accessibility links

Ауған парламенті үкіметтің жаңа құрамын бекітті


Ауғанстан президенті Ашраф Ғани парламентте сөйлеп тұр. Кабул, 20 қаңтар 2015 жыл.
Ауғанстан президенті Ашраф Ғани парламентте сөйлеп тұр. Кабул, 20 қаңтар 2015 жыл.

Ауғанстан парламенті кеше жаңа үкімет құрамындағы 16 министрді қызметке бекітті.

Үкімет құрамы Ауғанстан президенті Ашраф Ғани мен былтырғы сайлауда оның басты бәсекелесі болған қазіргі премьер-министр Абдулла Абдулла арасында билікті бөлісу туралы осыдан жарты жыл бұрын қол қойылған келісімге сәйкес жасақталған.

Қазір ауған үкіметіндегі 25 қызметтік лауазымдар арасында тек қорғаныс министрінің орны ғана әзірше бос тұр. Оған лайықты кандидат туралы Ғани мен Абдулла әлі келісімге келген жоқ.

Ауғанстанда үкімет құрамын жасақтау елдегі этникалық және діни тұрғыдағы күрделі қарама-қайшылықтарға байланысты бірнеше айға созылды деп хабарлайды Би-би-си. Ел президенті Ашраф Ғаниді оппоненттері «жұмыс істеуге қабілетті үкіметті жасақтай алмай отыр» деп бірнеше рет сынаған.

XS
SM
MD
LG