Accessibility links

"Болашақ" стипендиясын тағайындауға өзгерістер енді


Қазақстанда "Болашақ" халықаралық бағдарламасымен шетелде оқу ережелеріне аздаған өзгеріс енгізілді деп хабарлады бүгін Астанада "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы президенті Ғани Нығметов.

Нығметовтің сөзінше, биылдан бастап "Болашақ" стипендиясынан үміткер шет тілінен дайындықтың алғашқы алты айын Қазақстандағы екі тіл орталығында, қалған алты айын шетелде өтеді. Шетелге өздігінен оқуға түскен "Болашақ" стпиендиясынан үміткерлерге тілдік дайындықтане өту керек емес.

Бұған қоса, бұрын магистр немесе PhD докторы дәрежесін "Болашақ" бағдарламасы арқылы иеленбеген үміткерлер де енді "Болашақ" бойынша қайтадан осы сатыларды оқуға үміттене алады. "Болашақпен" докторантура оқығысы келетіндерге қойылатын талаптың бірі - дипломның орташа балы 5-тен 4-ке дейін азайтылған.

Ғани Нығметовтің айтуына қарағанда, биыл республикалық комиссия шешімімен "Болашақ" бағдарламасына 600 стипендия тағайындауға шешім қабылданған.

"Болашақ" бағдарламасы стипендиясын иеленуге құжат тапсыру 13 сәуірде басталған.

Азаттық 22 сәуірде білім және ғылым министрлігінің өкілі Ақерке Абылайханмен "Болашақ" бағдарламасына қатысты онлайн-конференция өткізеді. Бағдарламаға қатысты басқа да мазалап жүрген сұрақтарды онлайн-конференция форумына қоюға болады.

XS
SM
MD
LG