Accessibility links

Алматыда халықаралық туризм көрмесі өтіп жатыр


Алматы облысындағы Асы жайлауы. (Көрнекі сурет)
Алматы облысындағы Асы жайлауы. (Көрнекі сурет)

Алматыда бүгін "Атакент" көрме орталығында халықаралық он бесінші туризм және спорт көрмесі ашылды.

Көрмеге Малайзия, Түркия, Чехия, Венгрия, Иордания, Сауд Арабиясы, жиыны 40 шақты елден келген 500-ге тарта компания қатысып жатыр.

Көрменің ашылуында сөйлеген Алматы әкімі Ахметжан Есімов Қазақстанда өткен бес жылда шетелден келетін туристер саны мен ішкі туризм көрсеткіштері артып, туризмнен республика бюджетіне түсетін қаржының көбейгенін айтты.

Оның сөзінше, қазір үкімет Қазақстанмен арада визасыз режим орнатқан елдер санын 10-нан 26-ға дейін арттыруды қарастырып жатыр.

Көрме сәуірдің 24-іне дейін жалғасады.

XS
SM
MD
LG