Accessibility links

Дияс Штутгардтағы жарыстың екінші айналымында


Қазақстан теннисшісі Зарина Дияс.
Қазақстан теннисшісі Зарина Дияс.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Германияның Штутгард қаласында өтіп жатқан Porsche Grand Prix жарысының екінші кезеңіне шықты.

Әлемдік рейтингте 32-орында тұрған Дияс бірінші айналымда германиялық Сабина Лисицкимен (19-ракетка) кездесіп, 6:0, 6:0 есебімен жеңді. Матч бір сағатқа созылды.

Дияс екінші айналымда италиялық теннисші Сара Эрранимен (15-ракетка) кездеседі.

Зарина Дияс Штутгардтағы жарысқа алғаш рет қатысып жатыр. Турнир 26 сәуірде аяқталады.

XS
SM
MD
LG