Accessibility links

Әзербайжанда танымал құқық қорғаушы сотталды


Әзербайжандық құқық қорғаушы Интигам Әлиев.
Әзербайжандық құқық қорғаушы Интигам Әлиев.

Әзербайжандық танымал адвокат әрі құқық қорғаушы Интигам Әлиев жеті жарым жылға сотталды. 22 сәуірде Бакудің аса ауыр қылмыстық істер жөніндегі соты Әлиевті салық төлеуден жалтарды, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды деп айыптап, жеті жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Интигам Әлиев соттағы соңғы сөзінде өзіне қарсы істі Әзербайжандағы 220-дан астам қылмыстық істің өзінің көмегімен Страсбургтегі Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына жіберілгеніне берілген "жаза" деп атады.

Интигам Әлиев өткен жылдың тамыз айында тұтқындалған. Көптеген сарапшылар мен құқық қорғаушылар оны президент Ильхам Әлиевтің билігіне қарсыларды қуғындау саясатынан түрмеге жабылғандардың бірі деп санайды.

Өткен аптада ғана Баку соты құқық қорғаушы Расул Джафаровты да осыған ұқсас айыптармен алты жарым жылға соттаған.

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Интигам Әлиев пен Расул Джафаровты "ар-ұждан тұтқыны" деп таниды.

XS
SM
MD
LG