Accessibility links

Президент сайлауына дауыс беру басталды


Кезектен тыс президент сайлауының мерзімі жазылған плакат жанынан өтіп бара жатқан егде әйел. Астана, 24 сәуір 2015 жыл.
Кезектен тыс президент сайлауының мерзімі жазылған плакат жанынан өтіп бара жатқан егде әйел. Астана, 24 сәуір 2015 жыл.

Бүгін Қазақстанда жергілікті сағат 7:00-де кезектен тыс президент сайлауына дауыс беру басталды. Сайлау бюллетенінде үш кандидаттың аты-жөні жазылған. Кандидаттар арасында қазіргі президент, басқарушы "Нұр Отан" партиясы ұсынған Нұрсұлтан Назарбаевтан өзге Қазақстан коммунистік партиясы ұсынған Тұрғын Сыздықов, өзін-өзі ұсынған Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов бар.

74 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды ол Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болған 1989 жылдан бері басқарып келеді.

Кезектен тыс президенті сайлауын өткізу бастамасын президент жанындағы кеңесші орган - Қазақстан халқы ассамблеясы көтерген. Ассамблея ұсынысын парламент, саяси партиялар мен президенттің өзі де қолдады. Ассамблея президент сайлауын кезектен тыс өткізуді "президентке әлемдік сынақтан елді аман алып шығу үшін жалпыхалық болып сенім білдіру қажеттігімен" түсіндірген.

Қазақстанда мерзімді президент сайлауы 2016 жылы өтуі тиіс болатын.

XS
SM
MD
LG