Қазақстан президенттігіне кандидат, Қазақстан халықтық коммунистік партиясы ұсынған Тұрғын Сыздықов Астанадағы №32 сайлау бөлімшесінде дауыс берді деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.
Бұған қоса, президенттікке тағы бір кандидат - өзін-өзі ұсынған Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов та Астанада президент сайлауына дауыс берген.