Accessibility links

ІІМ: Сайлау күні 20 мың полицей жұмыс істеп жатыр


Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан 89-сайлау учаскесіндегі кезек. сайлау учаскесі. Астана, 26 сәуір 2015 жыл.
Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан 89-сайлау учаскесіндегі кезек. сайлау учаскесі. Астана, 26 сәуір 2015 жыл.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы кезінде 20 мыңнан астам полицей күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр деп хабарлады бүгін ішкі істер министрінің (ІІМ) орынбасары Марат Демеуов Астанада өткен брифингте. Оның айтуынша, қазірге дейін сайлау заңдарын өрескел түрде бұзу оқиғасы тіркелмеген.

Қазақстанда сайлау бөлімшелері сағат 7-де ашылған. Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, алғашқы үш сағатта сайлаушылардың 19,7 пайызы дауыс берген.

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында сағат 10-ға дейін сайлаушылардың 26 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерген.

Сайлаушылар белсенділігі ең төмен Алматы қаласында сайлаушылардың 8 пайызы ғана дауыс берген.

XS
SM
MD
LG