Accessibility links

Боснияда қарулы шабуылдан полицей мерт болды


Шабуыл жасалған полиция бекеті алдында тұрған полицейлер. Зворник, Босния-Герцеговина, 27 сәуір 2015 жыл.
Шабуыл жасалған полиция бекеті алдында тұрған полицейлер. Зворник, Босния-Герцеговина, 27 сәуір 2015 жыл.

Босния полициясы елдің шығысындағы Зворник қаласында 27 сәуірде қарулы ер адам бір полиция қызметкерін өлтіріп, екі полицейді жаралағанын хабарлады. Қарулы адамның көзі жойылған.

Полиция өкілі Александра Симойловичтің сөзінше, кешкі мезгілде "Аллаху акбар" деп айқайлаған қарулы адам полиция бекетіне басып кіріп, ондағыларға бас-көз демей оқ ата бастаған. Салдарынан бір полицей қаза тауып, екеуі жараланған. Қарулы адамның өзі полицейлердің қарсы атқан оғынан мерт болған.

Босния президенті Милорад Додик Serb TV телеарнасына шабуылдаушы қылмысты жалғыз жасағанымен, өзгелердің нұсқауымен әрекет еткеніне сенімді екенін айтты.

Зворник қаласы мешітінің имамы Мустафа Мухамерович шабуылды айыптады.

XS
SM
MD
LG