Accessibility links

Ташкенттегі қазақтардың тойы

Бұрынғы үйлену тойында әуелі қызды ұзату, одан кейін келін түсіру тойын жасайтын. Қазіргі тойларда ескі дәстүр мен жаңа заманның өзгерістері қатар жүреді. Азаттық тілшісі Умида Ахметова Ташкенттегі қазақтардың үйлену тойларының біріне барып, ол мерекені көріп қайтты.
Түгелін оқыңыз

21 жастағы қалыңдық Аякөз Бимырзаева ұзатылар күні Ғазалкенттегі мейрамхана алдында құрбыларымен бірге тұр. Оны болашақ жұбайы, 27 жастағы Қуаныш Өтесиевпен туыстары таныстырып, құдалыққа жүрген.
1

Балалар қалыңдық пен күйеу бала кесуі тиіс таспаны ұстап тұр. Әуелі жігіт кесуі керек. Мамандығы медбике Аякөз ұзатылар алдында құрбыларымен және әріптестерімен қоштасуы тиіс.
2

Аяккөздің әжесі Құндыз апа жастарға батасын беріп, көңілі босап жылап жіберді. Аякөздің әкесі, Құндыз апаның тұңғыш ұлы қызының тойын көре алмай 47 жасында көз жұмған.
3

Қазақтардың тойында асаба көп адамға сөз береді. Көршілері, туыстары мен әріптестері жастарға тілек білдіріп, бақыт тілейді. Бірақ әуелі ең сыйлы қарттар бата береді.
4

Тағы

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG