Accessibility links

Әнші Батырхан Шүкенов қайтыс болды


Қазақстандық әнші, музыкант әрі композитор Батырхан Шүкенов.
Қазақстандық әнші, музыкант әрі композитор Батырхан Шүкенов.

Қазақстандық танымал әнші, композитор әрі музыкант Батырхан Шүкенов көз жұмды. Алдын-ала мәліметтер бойынша, марқұм Мәскеудегі пәтерінде жүрек талмасынан қайтыс болған.

Батырхан Шүкенов 1962 жылы Қызылордада туған. Алматыда Құрманғазы атындағы консерваторияның саксофон бөлімін бітірген. Кейін "А'Студио" тобының негізін салып, алғашқы солисі болды. 2000 жылдан бастап жеке түрде ән айтумен айналысты. Шүкенов алты альбомын басып шығарды. 2009 жылдан бастап Қазақстанның ЮНИСЕФ-тегі ерікті елшісі болды.

18 мамырда Батырхан Шүкенов 53 жасқа толатын еді.

XS
SM
MD
LG