Астанада кезектен тыс қайта сайланған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау салтанаты басталды.
Ұлықтау салтанатында Назарбаев Қазақстан президенті ретінде ант қабылдап, қызметіне ресми түрде қайта кіріседі.
Ұлықтау рәсіміне үкімет мүшелері, парламенттің қос палатасы - сенат пен мәжіліс депутаттары, Конституциялық кеңес мүшелері, Жоғарғы сот судьялары қатысып жатыр.
Нұрсұлтан Назарбаев 26 сәуірде өткен кезектен тыс президент сайлуында жеңіске жетіп, кезекті бес жыл мерзімге қайта сайланған. Орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметі бойынша, Назарбаевты қолдап сайлаушылардың 97,75 пайызы дауыс берген.