Қазақстан президентінің қайта сайланып, қызметке кірісуіне байланысты конституция талабына сай облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері отставкаға кетті. Бұл жайында бүгін президент жеке жарлық шығарды.
Ресми құжат бойынша, 14 облыс пен Астана және Алматы әкімдері жаңа әкімдер тағайындалғанша міндеттерін атқара тұрады.
Бүгін бес жыл мерзімге қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ұлықталып, ант қабылдаған.
Президенттің қызметіне кірісуіне байланысты бүгін үкімет те өкілеттігін доғарды.