Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев премьер-министр мен үкімет мүшелерін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
2011 жылдан бері экономика министрі болып істеген Темір Сариев Қырғызстан премьер-министрі болып тағайындалды. Оған дейін, 2010 жылғы Сәуір оқиғаларынан кейін ол вице-премьер және қаржы министрі болған. Темір Сариев жетекшілік ететін «Ақ Шумкар» партиясы қырғыз парламентіне соңғы өткен сайлауға қатысқан, бірақ қажетті дауыс жинай алмай, парламентке өте алмаған еді.
Темір Сариев – Қырғызстан тәуелсіздігін жариялағалы берге 24 жылдың ішінде елдің 27-премьер-министрі.
Оған дейін үкіметті басқарған Жоомарт Оторбаев өткен аптада қызметінен өз өтініші бойынша кеткен.