Accessibility links

Назарбаев Си Цзиньпинмен 7 мамырда кездеспек


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Қытай президенті Си Цзиньпин Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшыларының саммитінде. Душанбе, 12 қыркүйек 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Қытай президенті Си Цзиньпин Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшыларының саммитінде. Душанбе, 12 қыркүйек 2015 жыл.

Қытай президенті Си Цзиньпин мамырдың 7-сінде ресми сапармен Қазақстанға келеді деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі. Бұл күні Назарбаев пен Си Цзиньпин Астанада келіссөз өткізбек.

Си Цзиньпин Қазақстанға соңғы рет 2013 жылдың қыркүйек айында келген.

Ақорданың ақпаратына қарағанда, Назарбаев 8 мамырда Мәскеуге ұшып барып, ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне және Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңес жиынына қатысады. Ал 9 мамырда Назарбаев Мәскеуде екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына орай өтетін іс-шараларға, әскери парадқа қатыспақ.

XS
SM
MD
LG