Ұлыбритания ханзадасы, патшайым екінші Елизаветаның немересі герцог Уильям мен оның жұбайы Кембридж герцогинясы Кейт Миддлтонның жаңа туған қызына Шарлотта Елизавета Диана деген есім қойылды. Сәбидің ресми аты-жөні - Жоғары мәртебелі Кембридж ханшайымы Шарлотта.
Шарлотта - атасы Чарльз ханзада есімінің қыздарға тең формасы. Ханшайымның аты бұған қоса британ ханшайымы екінші Елизаветаның және Уильямның бақилық болған анасы Диананың құрметіне қойылған. Сәби 2 мамыр күні Лондон ауруханасында дүниеге келген.
Жаңадан дүние келген нәресте британ патша тағына атасы Уэльс ханзадасы Чарльз, әкесі Уильям және ағасынан кейінгі төртінші мұрагер болмақ.