Accessibility links

Назарбаев Баррозуды "Достық" орденімен марапаттады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Еуропа комиссиясының бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозу. Брюссель, 9 қазан 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Еуропа комиссиясының бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозу. Брюссель, 9 қазан 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропа комиссиясының бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозу бүгін Астанада кездесіп, бір-біріне Қазақстан мен Еуропа Одағының "қарым-қатынасын нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін" алғыс білдірді. Назарбаев Баррозуды бірінші дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

"Сіздің белсенді көмегіңіз бен достық жәрдеміңіздің арқасында біз Қазақстан мен Еуропа Одағының кеңейтілген әріптестік және серіктестік туралы келісімі жобасына қатысты келіссөзді аяқтайтын құжатқа қол қойдық" деді Назарбаев.

Жозе Мануэль Баррозу Еуропа комиссиясын 2004 жылдан 2014 жылға дейін басқарған. 2002-2004 жылдары Португалия премьер-министрі қызметін атқарған.

Назарбаев пен Баррозу Астанада бұған дейін 2013 жылдың маусым айында кездесіп, Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. Назарбаев ол кезде Қазақстанның Ресей және Беларусьпен бірге Кеден Одағына мүше болуы Астананың басқа мемлекеттермен, оның ішінде Еуропа Одағына мүше елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастық орнатуына кедергі келтірмеуі тиіс деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG