Accessibility links

Франция: Терроризмге күдіктілерді бақылау күшеймек


Француз арнайы жасағы сарбаздары терроризмге күдіктілерді іздеу операциясы кезінде. Париж, Франция, 8 қаңтар 2015 жыл.
Француз арнайы жасағы сарбаздары терроризмге күдіктілерді іздеу операциясы кезінде. Париж, Франция, 8 қаңтар 2015 жыл.

Франция депутаттары терроризм күдігіне ілінгендерге бақылауды күшейтетін заң жобасын мақұлдады. Парламенттің төменгі палатасы заң жобасын 438 дауыспен қабылдады. 86 депутат құжатқа қарсы болды. Заң жобасы енді сенат қарауына жіберілді.

Терроризмге қатысты заң жобасы қаңтар айында Париждегі сатиралық Charlie Hebdo журналы редакциясына жасалған шабуылдан соң үлкен қолдау тапқан. Құжат арнайы қызмет органдарына терроризм күдігіне ілінгендердің үйі мен көлігіне соттың санкциясынсыз бақылау камералары мен дыбыс жазу құрылғыларын орнатуға рұқсат береді. Бұл үшін арнайы қызмет органдарына тоғыз тәуелсіз сарапшының мақұлдауын алу қажет болады. Ал ерекше қауіп туындаған жағдайда арнайы қызмет бұл мақұлдаусыз-ақ әрекет етеді.

Заң жобасына қарсы құқық қорғаушылар құжат аңду түрлерін көбейтіп, адамның жеке өміріне тым көп қол сұғуға жол ашады деп санайды.

4 мамырда француз парламенті алдында заң жобасына қарсы акция өткен. Құқық қорғаушылар әсіресе құжаттың интернет провайдерлерді интернеттегі мәліметтер бойынша күдікті саналған іс-әрекетке автоматты түрде аңду қоюды міндеттейтін тұсына ерекше алаңдаулы.

XS
SM
MD
LG