Accessibility links

"Прогресс" Тынық мұхиты үстінде ауада жанып кетті


Ресейлік "Прогресс М-27М" ғарыш кемесін тиеген "Союз-2" зымыран тасығышының ұшырылу сәті. Байқоңыр, 28 сәуір 2015 жыл.
Ресейлік "Прогресс М-27М" ғарыш кемесін тиеген "Союз-2" зымыран тасығышының ұшырылу сәті. Байқоңыр, 28 сәуір 2015 жыл.

Роскосмос агенттігі техникалық ақаудан Халықаралық ғарыш станциясына жете алмай қалған "Прогресс" ғарыштық жүк кемесі бүгін таңертең Жер атмосферасына еніп, Тынық мұхиты аумағында ауада жанып кеткенін мәлімдеді. "Ғарыш кемесі Тынық мұхитының орталық бөлігінде ауаның тығыз қабатына еніп жанып кетті" делінген Роскосмос хабарламасында.​

Бұған дейін Роскосмос Жер атмосферасына ғарыш кемесінің тек шағын бөлшектері ғана енуі мүмкін екенін мәлімдеген.

"Прогресс" ғарыш кемесі ХҒС-дағы астронавтарға оттегі, ауыз су, азық-түлік пен станцияға қосалқы бөлшектер жеткізу үшін 28 сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған. Ұшырылымнан бірнеше сағаттан соң ғарыш кемесімен байланыс үзілген.

Роскосмос ғарыш кемесі апатының себептерін тексеріп жатқанын және апатқа байланысты алдағы ұшырылымдар кестесіне өзгеріс енуі мүмкін екенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG