Accessibility links

Липецкіде Сталин мүсініне бояқ шашып кетті


Ресейдің Липецк қаласында әлдекім осыдан екі күұн бұрын қойылған Сталиннің мүсініне қызғылт бояқ шашып кетті. Мамырдың 8-іне қараған түні болған оқиғаны ескерткіш мүсінге көршілес орналасқан ғимараттағы бақылау камерасы түсіріп алған. Онда белгісіз әйелдің ескерткішке бояқ шашып, мрамор мүсінді балғамен ұрып сындырмақ болғаны және ондағы гүлдерді шашқаны көрінеді. Жергілікті комммунистер мұны жеңіс күні қарсаңындағы "арандатушылық" деп атады.

Липецк орталығына Сталиннің мүсінін қоюға Ресей коммунистік партиясының Липецк қалалық бөлімшесі бастамашы болған. Ескерткіштің ресми ашылу салтанаты бүгін өтуі тиіс болған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG