Accessibility links

Швеция: Ассанждың апелляциясын сот қанағаттандырмады


Wikileaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж.
Wikileaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж.

Швеция жоғарғы соты Wikileaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанждың апелляциялық шағымын қанағаттандырудан бас тартып, оны тұтқындау туралы бұған дейінгі сот шешімін күшінде қалдырған. Жоғарғы сот сайтында жарияланған хабарламада Ассанжды тұтқынға алу туралы ордердің күшін жоюға негіз жоғы және «жасалған қылмысты тергеуді» жалғастыру қажеттігі жөнінде айтылған.

Сот шешіміне көңілі толмайтынын Reuters агенттігіне мәлімдеген Ассанждың адвокаты Пер Самуэльсон, Швеция жоғарғы соты шешім шығарғанға дейін қорғаушы тарап өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік алмағанын айтады.

Швеция прокуратурасы 2010 жылы Ассанждың үстінен «жыныстық қылмысқа» қатысты іс қозғаған. 2012 жылдан бері Лондондағы Эквадор елшілігін паналап отырған Ассанж, егер Швеция үкіметі өзін қолға түсірсе АҚШ-қа экстрадициялайды деп қауіптенеді. АҚШ билігі Джулиан Ассанж НАТО-ның Ауғанстандағы және одақтастардың Ирандағы әскери операциялары туралы құпия құжаттарды жариялап, ауыр қылмыс жасаған деп санайды.

«Неміс толқыны» сайтының хабарлауынша, 2015 жылы Швеция прокуратурасының Ассанждан Лондонда жауап алу жайлы ұсынысын күдіктінің өзі қабыл алған. Ассанжға тағылған айыптар бойынша бес жылға жуық уақыт жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ.

XS
SM
MD
LG