Польша азаматтары бүгін президент сайлауына дауыс беріп жатыр. Саяси бәсекеге түскен 11 кандидаттың арасында қазіргі президент Бронислав Коморовскийдің жеңіске жетуге мүмкіндігі мол. Сауалнама нәтижесі бойынша, сайлаушылардың 40 пайызға жуығы соны қолдайтынын айтқан.
Сауалнама деректері екінші орында елдегі «Құқық және әділеттілік» атты ең ірі оппозициялық партияның кандидаты Анджей Дуда тұрғанын көрсетеді. Дауыс беру қарсаңында әрбір үшінші сайлаушы Дуданы қолдайтынын айтқан.
Сарапшылар сайлау науқаны кезінде кандидаттардың ел конституциясы бойынша президент тікелей ықпал ете алмайтын мәселелерді талқылауға жиі көңіл бөлгеніне назар аударады. Парламенттік билік жүйесі орныққан Польшада президент негізінен өкілеттік қызметтер атқарады.
Елдегі негізгі саяси күштер үшін президент сайлауы парламент сайлауы алдындағы сынақ іспеттес шара. Биыл Польшада парламент сайлауы күз мезгілінде өтуі тиіс.