Accessibility links

Македониядағы шабуылда бес полицей мерт болған


Атыс болған жердегі полиция жасағы. Куманово, Македония, 9 мамыр 2015 жыл.
Атыс болған жердегі полиция жасағы. Куманово, Македония, 9 мамыр 2015 жыл.

Македонияда сенбі күні белгісіз қарулы топпен атыс барысында полицияның бес қызметкері қаза тауып, ондаған адам жараланған. Полиция қарулы топтан да бірнеше адам оққа ұшқан деп мәлімдеген.

Қарулы топпен атыс Македония мен Сербия шекарасынан он шақырымдай жерде орналасқан, негізінен албан диаспорасы тұратын Куманово қаласында болған.

Македония ішкі істер министрлігі қарулы топ көрші елден келген деп айтқанымен, нақты қай елден келгенін атамаған. Ресми органның деректері бойынша, қарулы топ мемлекеттік мекемелерге шабуылдар жасамақ болған.

XS
SM
MD
LG