Accessibility links

Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын су астынан ұшырылатын баллистикалық зымыран сынағын бақылады. 9 мамыр 2015 жыл.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын су астынан ұшырылатын баллистикалық зымыран сынағын бақылады. 9 мамыр 2015 жыл.

Солтүстік Корея мамырдың 9-ы күні су астынан ұшырылатын баллистикалық зымыранды сынақтан сәтті өткізгені туралы мәлімдеме жасады. Пхеньян зымыранды «әлемдік деңгейдегі стратегиялық қару» деп сипаттаған.

Солтүстік Кореяның ресми орталық телеграф агенттігінің хабарлауынша, зымыран сынағын өткізуге бұйрық берген мемлекет басшысы Ким Чен Ын сүңгуір қайықтан баллистикалық зымыранның қалай ұшырылғанын бақылаған.

Пхеньян билігі бұл сынақты АҚШ-тың Солтүстік Кореяны «баллистикалық зымыран өндірісін ғарыш зерттеулерімен бүркемелейді» деген айыптауын жоққа шығарғаннан кейін жасап отыр.

Бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы Солтүстік Кореяға баллистикалық зымыран технологиясын пайдалануға немесе дайындауға тыйым салған.

Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран сынағына қатысты АҚШ әзірше ешқандай түсініктеме берген жоқ, бірақ, баллистикалық зымыран технологиясын қолданып зымыран ұшыру – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын «көпе көрнеу бұзу» деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG