Accessibility links

Атырауда нөсер жауыннан 23 үйді су басты


Атырау облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

«11 мамырдан бері толассыз жауған жаңбыр салдарынан Атырау қаласында он шақты үйдің құлау қаупі бар» деп хабарлайды бүгін Азаттыққа Атырау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінен. Баспасөз қызметінің өкілі Алмагүл Каришова қазірге дейін 23 тұрғын үйден су сорғызылып, 15 тұрғын үйден 32 адамның мектептерге уақытша қоныстандырылғанын айтты.

- Бұл үйлерді су басуының бірінші себебі - үйлердің ойпаң жерде орналасқаны, оған қоса олар 1950 жылдардың шамасында салынған, ескі. Қазіргі сәтте суды сорғызуға 35 техника жұмылдырылды, - дейді Каришова.

XS
SM
MD
LG