Непалдың Қытаймен шекарасына жақын аймақта - ел астанасы Катманду мен Эверест тауы арасында бүгін қуаттылығы 7,4 магнитудаға жететін қуатты жер сілкінісі болды. Зілзаладан құрбан болғандар немесе зардап шеккендер және қираған нысандар бары туралы әзірге мәлімет жоқ. Көршілес Үндістанның Силигури қаласының тұрғындары Непалдағы зілзала дүмпуінен бірер ғимараттың қабырғасы бүлінгенін айтады.
Катмандуда 25 сәуір күні қуаттылығы 7,8 магнитуданы құрайтын жойқын жер сілкінісі болып, сегіз мыңнан астам адам қаза тапқан. Зілзаладан 18 мыңға тарта адам жараланып, жүздеген нысан қирады. Мыңдаған адам баспаналарынан айырылды.