Accessibility links

Хадиджа Исмаилованы қамау мерзімі ұзарды


Әзербайжандық журналист Хадиджа Исмаилова.
Әзербайжандық журналист Хадиджа Исмаилова.

Баку соты әзербайжандық журналист, Азаттық радиосының қамаудағы тілшісі Хадиджа Исмаилованы қамауда ұстау мерзімін үш айға ұзартты.

Исмаилова өткен жылдың 5 желтоқсанында Турал Мустафаевтың өзін "өлімге итермелегені" туралы шағымы негізінде тұтқындалған. Оның қамауға алу мерзімі 24 мамырда аяқталуы тиіс болатын.

Биыл сәуірде Мустафаев Исмаилованың үстінен "эмоциялық стресс" жағдайында шағымданғанын, енді журналистпен бітімге келгісі келетінін айтқан. Бірақ прокуратура Исмаиловадан шағымды қайтарып алуға қатысты жауап бермеген.

Исмаилова өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, өзіне қарсы істің саяси астары бар дейді.

Хадиджа Исмаилова тұтқындалғанға дейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен оның отбасының қаржысы туралы бірнеше зерттеу материалын жариялаған.

Ақпан айында Хадиджа Исмаилованың үстінен "салық төлеуден жалтарды", "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты" деген жаңа айыптар тағылған.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Исмаилованың қамалуын президент Ильхам Әлиев үкіметінің тәуелсіз журналистер мен белсенділерді үрейлендіріп, үнін өшіру әрекеті деп бағалаған.

Өткен аптада америкалық ПЕН орталық Хадиджа Исмаилованы "Әзербайжан билігінің жоғары деңгейіндегі коррупцияны әшкерелеген зерттеулері" үшін Барбара Голдсмит атындағы сыйлығымен марапаттаған.

XS
SM
MD
LG