Accessibility links

Серік Ахметовті үйқамаққа алу мерзімі тағы ұзарды


Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов.
Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов.

Бұрынғы премьер-министр, коррупцияға қатысы бар деп айыпталған Серік Ахметовті үйқамаққа алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының судьясы Еркеш Мәукен бүгін Ахметовті үйқамаққа алу мерзімін 18 маусымға дейін ұзарту туралы шешім шығарған.

Серік Ахметов "аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды" деген күдікке ілініп, өткен жылдың қараша айында қамауға алынған. Ол "айыбын мойындамайтынын" мәлімдеген. Сәуір айында сот оны үйқамаққа алу мерзімін мамырдың 18-іне дейін ұзартқан еді.

Ахметовке "пара алды", "ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды", "қызмет өкілетін асыра пайдаланды", "заңсыз түрде кәсіпкерлікпен айналысты" деген айыптар тағылған.

Серік Ахметов 2012 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан премьер-министрі қызметін атқарып, отставкаға кеткен. Бұдан соң ол қорғаныс миинстрі болып тағайындалып, қазан айында қызметінен босатылған еді.

Серік Ахметов оған дейін Қарағанды облысы әкімі (2009), премьер-министрдің бірінші орынбасары (2012) қызметтерін атқарған.

XS
SM
MD
LG