Accessibility links

Бакуде көпқабатты үйдегі өрттен 15 адам қаза тапты


Бакуде өртенген көпқабатты үй. Әзербайжан, 19 мамыр 2015 жыл.
Бакуде өртенген көпқабатты үй. Әзербайжан, 19 мамыр 2015 жыл.

Әзербайжан астанасы Бакуде 16 қабатты үй өртеніп, 15 адам қаза тапты. Әзербайжан денсаулық сақтау министрлігінің Азаттықтың Әзербайжан қызметіне хабарлауынша, 19 мамырда қаланың Бинагади ауданында болған өрттен 63 адам жараланып, ауруханаға түсті.

Төтенше оқиға орнына Әзербайжан ішкі істер министрі Рамиль Усубов пен бас прокурор Закир Гаралов барды. Гаралов журналистерге төтенше жағдайлар министрлігі, ішкі істер министрлігі және бас прокуратура өкілдерінен құралған топ қазір өрт себептерін тексерумен айналысып жатқанын айтты. Оның сөзінше, алдын-ала тергеу нәтижелері өрттің үйдің сыртқы қабатын әрлеу материалдарының сапасыздығынан шыққанын анықтаған.

Бакудегі 16 қабатты тұрғын үйдегі өрт туралы фотогалерея:

XS
SM
MD
LG