Астанада бүгін дәстүрлі 6-Астана экономикалық форумы басталды. Екі күнге созылатын форумның тақырыбы "Инфрақұрылым - экономикалық дамудың жетекшісі" деп аталады.
Форумға жүзге тарта мемлекеттен он мыңға тарта делегат, оның ішінде бизнесмендер, компаниялар басшылары, саясаткерлер мен журналистер, Нобель сыйлығының лауреаттары қатысады. Форумда 30 іс-шара өткізу жоспарланған.
Форум баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында әлемдік экономиканың болашағы, мұнай бағасы арзандаған жағдайдағы қатерлер мен қажетті шаралар, Қазақстанға инвестиция тарту мәселелері талқыланбақ.