Accessibility links

АҚШ: Сириядағы шабуылдарда балалар қаза тапқан


Идлиб провинциясының Атимах қаласына жасалған әуе шабуылдары. Сирия, наурыз 2015 жыл.
Идлиб провинциясының Атимах қаласына жасалған әуе шабуылдары. Сирия, наурыз 2015 жыл.

АҚШ әскери қолбасшылығы өткен жылдың тамызынан бері Ирак пен Сирия территориясында жүргізілген әуе шабуылдарының салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тапқанын алғаш рет мойындады. АҚШ қорғаныс министрлігі мәліметінше, өткен жылдың қарашасында Сирияға жасалған әуе шабуылдары кезінде екі бала қаза тапқан. Пентагон өзіне түскен 46 айыптауды қарап, оның 35-ін сенімсіз, расталмаған деп тапқан. Қалған айыптаулар бойынша әлі тергеу жүріп жатыр.

Балалар Харим қаласындағы жарылғыш құрылғылар жасайтын нысандарға жасалған әуе соққылары кезінде қаза тапқан. Тергеу жұмыстары бұдан өзге екі ересек бейбіт тұрғынның жараланғанын анықтаған. "Біз құрбан болғандар үшін өкініш білдіреміз" деп мәлімдеді АҚШ-тың "Ислам мемлекеті" ұйымына қарсы әскери операциясын басқаратын генерал-лейтенант Джеймс Терри. Ол коалицияның "әскери іс-қимылдарға қатыспайтын адамдардың құрбан болу қаупін төмендетудің барлық шарасын қолдана беретінін" айтады.

Құқық қорғаушылар бұл әскери операциялар кезінде айтылғаннан әлдеқайда көп бейбіт тұрғын қаза тапты деп санайды.

XS
SM
MD
LG