Accessibility links

Польшада бүгін сайлау алдындағы «тыныштық күні»


Президент сайлауына дауыс беріп жатқан Польша азаматы. (Көрнекі сурет)
Президент сайлауына дауыс беріп жатқан Польша азаматы. (Көрнекі сурет)

Сенбіге қараған түннен бастап Польшада президент сайлауының екінші кезеңіне дауыс берер алдындағы «тыныштық күні» күшіне енді. Бүгін Польшада кандидаттар мен оларды қолдаушыларға кез келген үгіт-насихат шараларын жүргізуге, қоғамдық сауалнама деректерін жариялауға тыйым салынады.

Жұма күні кешке әлеуметтік зерттеу нәтижесі сайлауға түсіп жатқан оппозициялық «Құқық және әділеттілік» партиясының өкілі Анджей Дуда саяси бәсекелесі – қазіргі ел президенті Бронислав Коморовскийден жарты пайыз ғана артық қолдауға ие болып тұрғанын көрсеткен.

10 мамырдағы президент сайлауының алғашқы кезеңінің нәтижесі бойынша, сайлаушылардың 33,8 пайызы Коморовскийді қолдап, 34,8 пайызы - Дуданы жақтаған.

Парламенттік билік жүйесі орныққан Польшада президент негізінен өкілеттік қызметтер атқарады. Биыл Польшада парламент сайлауы күз мезгілінде өтуі тиіс.

XS
SM
MD
LG