Accessibility links

ФИФА-ның 6 шенеунігі коррупцияға қатысты ұсталды


ФИФА-ның Цюрихтегі штаб-пәтеріндегі жазу, Швейцария. (Көрнекі сурет).
ФИФА-ның Цюрихтегі штаб-пәтеріндегі жазу, Швейцария. (Көрнекі сурет).

Швейцарияның федералдық әділет бюросы Цюрихтегі ФИФА конгресі басталар қарсаңында футбол федерациясының алты шенеунігі ұсталғанынг хабарлады. АҚШ билігінің сұрауы бойынша ұсталғандар қамауға алынып, экстрадицияны күтіп отыр.

27 мамырда таратқан мәлімдемесінде Швейцария әділет бюросы АҚШ билігі ұсталған ФИФА шенеуніктері миллиондаған доллардың парасын алды және берді деп күдіктенетінін айтады.

Швейцария әділет бюросының дерегінше, АҚШ прокуратурасының Нью-Йорктің Шығыс аудандық кеңсесі ұсталғандарды 1990 жылдардың басы мен қазіргі кезге дейін пара алды және пара берді деген күдік бойынша тексеріп жатыр. Ұсталғандардың аты-жөні әзірге аталмай отыр.

Ұсталған шенеуніктерге қатысты бұған қоса қаржы жымқыру, күшпен қаржы бопсалау және алаяқтықпен айналысуға қатысты да күдікке ілінген.

ФИФА мүшелері мамырдың 29-ында Цюрихте жыл сайынғы жиынын өткізбек. Жиында ФИФА-ның қазіргі президенті Зепп Блаттер бесінші мерзімге президент болып сайлану үшін дауысқа салынады.

XS
SM
MD
LG