Accessibility links

"Антигептил" киік қырғынына қарсы акция өткізді


"Антигептил" белсендісі Ұлан Шәмшет киікті қорғау акциясында жерде жатыр. Астана, 28 мамыр 2015 жыл.
"Антигептил" белсендісі Ұлан Шәмшет киікті қорғау акциясында жерде жатыр. Астана, 28 мамыр 2015 жыл.

"Антигептил" тобының белсенділері бүгін Астанада "Бәйтерек" кешенінің алдында киіктерді қорғауға арналған экологиялық акция өткізді.

"Антигептил" белсенділерінің бірі Ұлан Шәмшет Азаттыққа акцияда 20 шақты адам өлген киіктерді бейнелеп жерде жатқанын айтты.

Куәгерлердің айтуына қарағанда, "Бәйтерек" маңында бүгін таңертеңнен бері ондаған полицей кезекшілік атқарып жүрген. Полицейлер акцияны сырттай бақылап тұрған, ешкімді ұстамаған.

"Антигептил" тобы бұған дейін Байқоңыр ғарыш айлағынан улы гептилді пайдаланатын "Протон-М" зымырандарын ұшыруға мүлдем тыйым салуды бірнеше рет талап еткен. Белсенділер бұған қоса Ресейдің Қазақстанда жалға алған барлық полигонын жабуды да талап етеді.

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында 120 мыңнан астам киік қырылған. Соңғы деректер бойынша, жаппай қырылғанға дейін Қазақстанда киік саны 300 мың бас болған.

Қазақстан билігі киіктердің жаппай қырылуына "Протон-М" зымыранының ұшырылуы себеп емес дейді. Ауыл шаруашылығы министрлігі жабайы жануарлар жұқпалы аурудан қырылды деген ұйғарымда.

XS
SM
MD
LG