Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрлігінің "бейбіт уақыттағы арнайы операция кезінде қаза тапқандар" туралы мәліметтерін құпияландырды деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі. Бұл туралы Путиннің жарлығы ресейлік құқықтық ақпараттардың ресми сайтында жарияланған.
Бұған дейін қарулы күштердің тек соғыс кезінде қаза тапқан әскерилер туралы мәліметтері ғана құпия болатын.
Владимир Путин бұдан өзге Ресей барлауы, қарсы барлау қызметі мен жедел қызметінің "жасырын түрде көмекке тарту" мақсатында тексеретін азаматтары жайлы ақпаратты да мемлекеттік құпияға айналдырған. Бұрын мұндай "көмек қызметке тартылғандар" жайлы ақпарат қана құпия болған.
Ресей заңдары бойынша, мемлекеттік құпияны жария еткендер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады.