Accessibility links

ТМД елдері премьерлері Бурабайда кездеседі


Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің үкімет басшылары. Мәскеу, 6 ақпан 2015 жыл.
Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің үкімет басшылары. Мәскеу, 6 ақпан 2015 жыл.

Бурабайда бүгін ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді.

Ресей үкіметінің мәліметінше, Еуразия үкіметаралық кеңесі жиынының күн тәртібінде 20 шақты мәселе тұр. Олардың арасында Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) елдері арасындағы сауда айналымын арттыру, ЕАЭО-ны дамытудың негізгі бағыттары, макро экономикалық сала мен қаржы-валюталық саясаттағы ынтымақтастықты тереңдету, экспортты қолдау шаралары, ЕАЭО-дағы кедендік бақылауды жетілдіру мәселелері бар.

Бүгінгі жиын барысында бұдан өзге ТМД елдері территориясына кіретіндерді тіркеуге алу жайы да қаралмақ. Кездесуде Вьетнаммен еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қою да жоспарланған. Келісімде ЕАЭО елдері мен Вьетнам арасындағы сауда-саттықта тарифтерді либерализациялау шарттары қарастырылған.

XS
SM
MD
LG