Молдова премьер-министрі Кирилл Габурич Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевке Молдованың "Еуропаны таңдауы Ресейге қарсы бағытталмағанын" білдіргенін айтты.
Кирилл Габурич Медведевпен бүгін Астана түбіндегі курортты Бурабай қаласында ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің жиынында кездескен. Ол Ресей премьеріне Мәскеудің Молдовадан консервіленген көкөніс импорттауға салған тыйымын жоюда жасаған "алғашқы қадамдарына" алғыс білдірді.
Молдова өткен жылы Еуропа Одағымен еркін сауда айналымы туралы ассоциация келісіміне қол қойған соң көп ұзамай, шілде айында Ресей бұл елден көкөніс импорттауға эмбарго салған.
Кишинев пен Мәскеудің екі жақты қарым-қатынасы өткен жыл шеңберінде Молдованың Еуропа Одағымен жақын байланыс орната бастауына және елде "Ресей насихатына" тосқауыл қою әрекеттеріне байланысты шиеленісе түскен. Молдова бұған дейін "Россия 24" телеарнасын эфирден алып, жікшіл Приднестровье аймағы мен автономиялық Гагауз аймағынан хабар тарату үшін бармақ болған Ресей мемлекеттік телеарнасының журналистерін елге кіргізбей қойған.