Accessibility links

Ақтөбе облысында тағы 505 киік өлген


Ұрғашы киік пен төлінің өлекселері. Қостанай облысы, 20 мамыр 2015 жыл.
Ұрғашы киік пен төлінің өлекселері. Қостанай облысы, 20 мамыр 2015 жыл.

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылының әкімі Тұрғанбай Жүсіповтың айтуынша, басым бөлігі ұрғашы 505 бас киік өлекселері 28 мамыр күні Аққұм деген жерден табылған.

– 505 бас өлексені санап шықтық. Кешелі бері қырылған киік саны тағы да көбейіп жатыр, - дейді ол.

Ауыл әкімі жаңадан табылған киік өлекселері туралы Астана мен облыс орталығына хабар берген. «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбедегі бөлімі Жабасаққа бір топ маманның аттанғанын айтты.

Өткен аптада Ақтөбе облысындағы Ырғыз-Торғай резерватынан 3092 бас киік өлексесі табылған. Кейін «Республикалық ветеринарлық зертхана» Ақтөбе облыстық бөлімшесінің бастығы Сафиулла Зарманов «резерваттағы киіктер анаэробтық энтеротоксемиядан қырылған» деген мәлімдеме жасады.

Бұған дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында қырылған киік саны 120 мыңнан асқаны туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG