Accessibility links

Үндістанда аптаптан құрбан болғандар көбейе түскен


Ыстық күні қарбызды бұзылып кетпесі үшін суға салып жүрген бала. Жамму штаты, Үндістан, 28 мамыр 2015 жыл.
Ыстық күні қарбызды бұзылып кетпесі үшін суға салып жүрген бала. Жамму штаты, Үндістан, 28 мамыр 2015 жыл.

Үндістанда әдеттен тыс аптап ыстықтан құрбан болған адам саны екі мыңнан асқан. Соңғы күндері елдің кейбір аймақтарында ауа температурасының көрсеткіші +47 градусқа дейін көтеріліп, кей сәттері 50 градусқа жеткен деп хабарлайды ВВС.

Жыл сайын көктемнің соңғы күндері Үндістанда ауа райы қатты ысып, салдарынан адамдар арасында қаза көбейеді. Биыл сондай қазаның көптігі «ел тарихындағы екінші рет» кездесіп отырғаны айтылады. 1998 жылы ыстықтан құрбан болған адам саны екі жарым мыңға жеткен.

Үндістандық дереккөздердің хабарлауынша, аптап ыстық әлі бірнеше күн тұруы мүмкін.

XS
SM
MD
LG