Accessibility links

Министр: Қырылған киік саны 127 мыңнан асты


Жаппай қырылып қалған аналық киіктер мен төлдері. Қостанай облысы, 20 мамыр 2015 жыл.
Жаппай қырылып қалған аналық киіктер мен төлдері. Қостанай облысы, 20 мамыр 2015 жыл.

Қазақстанда қырылған киік саны 127 мыңнан асты деп хабарлады бүгін ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Астанада өткен брифингте. Министрдің сөзінше, қазір республика аумағында киік қырылуы тоқтаған.

Бұған дейін Қазақстан министрліктің баспасөз қызметі Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында мамырдың басынан бері қырылған киік саны 120 мыңнан асқаны туралы хабарлаған.

Асылжан Мамытбеков қазір жабайы жануарлардың жаппай қырылуына түрлі болжамдар, оның ішінде топырақ, су және жайылымдағы шөп арқылы індет жұғу мүмкін деген жорамалдар қарастырылып жатқанын айтады. Министрлік осыған байланысты киіктер қыстап шыққан оңтүстік аймақтардан бері жүріп өткен жолы, жайылымдарына арнайы экспедиция жіберуді жоспарлап отыр.

Қазақстан билігі киіктердің бұлайша жаппай қырылуының себебін тексеру үшін халықаралық мамандарды шақыртып отыр.

XS
SM
MD
LG