Байқоңырда бүгін ғарыш айлағының құрылғанына 60 жыл толуын мерекелеуге дайындық өтіп жатыр. Мерекелік шара Байқоңыр мәдени орталығындағы салтанатты шарамен және кешкілік концертпен басталады.
Байқоңыр 1950 жылы СССР-дың алғашқы құрлықаралық балллистикалық Р-7 зымыранын сынақтан өткізетін полигон ретінде құрылған. Ресми түрде қала мен ғарыш айлағының құрылған күні Совет одағы қорғаныс министрлігінің полигонын ашу туралы жарлыққа қол қойылған 1955 жылдың 2 маусымы саналады. Байқоңырдан алғашқы баллистикалық зымыран 1957 жылдың 15 мамырында ұшырылған. Кейін полигон ғарыш айлағына өзгертіліп, ол жерден 1957 жылдың 4 қазанында Жердің алғашқы жасанды спутнигі ұшырылған.
1961 жылы сәуірдің 12-сінде Байқоңыр ғарыш айлағынан совет ғарышкері Юрий Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа шықты.
1994 жылдан бастап Ресей Байқоңырды ұзақ мерзімге жалға алған.