Ақмола облысы Есіл ауданының Ковыльное ауылында маусымның 2-сі күні 1998 жылы туған мектеп бітіруші Максим Лазаренко өз-өзіне қол салды деп хабарлады Азаттыққа Есіл аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші қызметкері.
Кезекші қызметкердің айтуынша, қазір жасөспірімнің не себепті өз-өзіне қол жұмсағаны тексеріліп жатыр. Кезекшінің сөзінше, ауданда мектеп бітірушілер тапсыратын Ұлттық бірыңғай тест енді басталады.
Қазақстанда соңғы айларда бірнеше жасөспірім өз-өзіне қол салған. Мамырдың ортасында Астанада көп қабатты үйлердің бірінің балконынан екі жасөспірім бірдей секіріп қаза тапқан. Мамыр айының басында Ақтөбе облысында да үш жасөспірім суицидтен көз жұмған.