Accessibility links

Минск Қазақстанның үш азаматын экстрадициялады


Минск Астананың қылмыс жасады деп іздеуде жүрген Қазақстанның үш азаматы мен Түркияның бір азаматын экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырды деп хабарлады бүгін бас прокуратура.

Қазақстан бас прокуратурасының мәлімдеуінше, қазақстандық экстрадицияланған екі азамат "алаяқтық жасады" деген күдікке, тағы біреуі "кісі денсаулығына қасақана аса ауыр зардап келтірді" деген күдікке ілінген. Түркия азаматына "қылмыстық топ пен контрабандаға қатысы бар" деген күдікпен іздеу жарияланған.

Прокуратура күдіктілер бүгін Беларусьтен Қазақстанға жеткізіліп, Астанадағы уақытша ұстау абақтысына қамалғанын айтады.

XS
SM
MD
LG