Accessibility links

Ресей Латвия мен Эстония шпротына тыйым салды


Консервіленген шпроттар. (Көрнекі сурет).
Консервіленген шпроттар. (Көрнекі сурет).

Россельхознадзор мекемесі бүгіннен бастап Эстония мен Латвиядан балық пен балық өнімдерін тасымалдауға тыйым салды деп хабарлады осы мекеме басшысы Сергей Данквертке сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі.

Данкверттің сөзінше, Латвия мен Эстонияның ветеринарлық қызметінің кепіл берілетін тауар тасымалдаушылар тізіміне кіретін барлық балық өңдеу кәсіпорны өнімдеріне тыйым салынған. "Бұл елдердегі өнім сапасын қамтамасыз ету, бақылау жүйесі біздің көңілімізден шықпайды" деген Данкверт тыйымның жағдай реттелгенше күшінде болатынын айтқан.

Данкверттің мәліметінше, таяуда Латвияның бес, Эстонияның төрт балық өңдеу кәсіпорны тексерілген. Бұл кәсіпорындар негізінен шпрот жасайды.

Қазір Ресей 2014 жылы енгізген азық-түлік эмбаргосына сай Латвия мен Эстониядан балық әкелінуге тыйым салған. Ол кезде консервіленген балық тасымалдауға тыйым салынбаған еді.

XS
SM
MD
LG