Accessibility links

Шымкентте ТМД мен КО кеден басшылары жиыны өтіп жатыр


ТМД мен КО-ға мүше елдердің Кеден одағы елдері кеден қызметтері басшыларының жиыны. Шымкент, 4 маусым 2015 жыл.
ТМД мен КО-ға мүше елдердің Кеден одағы елдері кеден қызметтері басшыларының жиыны. Шымкент, 4 маусым 2015 жыл.

Бүгін Шымкенттегі Rixos Khadisha Shymkent қонақүйінің мәжіліс залында ТМД-ға мүше елдердің кеден қызметтері басшыларының 61-кеңесі мен Кеден Одағына мүше елдер кеден қызметтерінің бірлескен 15-алқа отырысы жабық жағдайда өтіп жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиында «ТМД шеңберіндегі кедендік ынтымақтастық, тауарлардың кедендік құнын бақылаудағы өзара ықпалдасу, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы өзара ықпалдасуды ұйымдастырудың қағидалары, интернет-тауарларына кедендік бақылау» сынды өзекті мәселелер қаралуда.

Бұған қоса, ТМД-ға мүше елдердің кеденшілері комитет туралы ереже бекітетіні, Кеден Одағындағы кеден органдарының өзара іс-қимылдарындағы мәселелері талқыланып, бірыңғай тәртіптері белгіленетіні хабарланды.

Жиынның ресми ашылуынан соң ұйымдастырушылар журналистерден мәжіліс залынан шығып кетуді сұрады.

XS
SM
MD
LG