Accessibility links

Хосни Мүбәрак қайта сотталатын болды


Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак сот залында. Каир, 5 мамыр 2015 жыл.
Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак сот залында. Каир, 5 мамыр 2015 жыл.

Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак 2011 жылғы демонстранттар өліміне қатысты іс бойынша қайтадан сотқа тартылатын болды. Египеттің апелляциялық соты бүгін мемлекеттік айыптаушының әскери соттың 87 жастағы Мүбәракті ақтаған үкіміне білдірген қарсылығын қабылдады. Судья 5 қарашаға қайта тыңдау тағайындады. Бұл іс бойынша осымен үшінші тыңдау белгіленіп отыр.

Мүбәрак бұған дейін 2011 жылғы өз билігіне қарсы жаппай толқуларда 800 адамның өліміне қатысты айыпталып, өмір бойы түрмеде отыру жазасын алған. 2014 жылдың қарашасында қайта өткен сот процесінде Мүбәрак ақталған.

Осы жылдың басында коррупцияға қатысты істі қайта қарау нәтижесінде сот Мүбәрак пен оның екі баласын рақымшылыққа ілігу құқығынсыз үш жылға соттаған. Қазір Мүбәрак Каирдегі әскери госпитальде жатыр.

XS
SM
MD
LG